Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ЗЕКЕТ – ТАЗАРУ ЖОЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 21.09.2021 1941 0 пікір
«ЗЕКЕТ – ТАЗАРУ ЖОЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

Алматыдағы «Абдулла» мешітінде «Зекет – тазару жолы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров пен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және қайырымдылыққа жауапты имамдар қатысты.

Қор директоры мен бас имам қайырымдылық шараларын ұйымдастырудың заманауи үлгідегі жобалары мен креатив ойларын ортаға салды. Семинар тренингте Талғат Омаров «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы өкілдеріне қайырымдылық көрсетудің заманауи үлгілері мен қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

Семинар қатысушыларына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық бағыттағы 2020-2021 жылда атқарылған іс-шаралары көрсетілді. Семинарға Алматы қаласы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының қайырымдылық бағыттағы іс-шараларын жүргізетін 50 мешіт қызметкерлері қатысты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру