Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ: ЖАҢА КІТАП ЖАНЫМДЫ ЖАДЫРАТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.06.2021 3629 0 пікір
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ: ЖАҢА КІТАП ЖАНЫМДЫ ЖАДЫРАТТЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен ҚМДБ ғимаратында өткен «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының тұсаукесерінде жиынның құрметті қонақтары – ел ағалары құнды еңбектің жарық көруімен құттықтап, Діни басқарманың игі бастамаларына жылы лебіз білдірді.

«Бүгін тұсауы кесіліп отырған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен үндес, рухтас екенін көрдім. Кейінгі жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тікелей атсалысуымен дін мен салт-дәстүр сабақтастығы туралы көкейге қонатын кітаптар көптеп шығып жатыр. Бұл өте құптарлық, қуанарлық жағдай.

Діни басқарманың негізгі міндетінің бірі – мұсылман тәрбиесін беру. Осы ретте айтатыным, мүфтият өз міндетін ойдағыдай атқарып келеді. Оның жарқын мысалының бірі – қолымызға тиген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы. Бұл кітап адам баласын тәрбиелеуге, Хәкім Абай айтқан «Толық адам» концепциясына негізделген» деп атап өтті Мырзатай Жолдасбеков.

Айта кетейік, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру