Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ӘЛ-АҚСА МЕШІТІНДЕГІ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 11.05.2021 15138 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейірім мен шапағат айы болған Рамазан айында әл-Құдыстағы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын әл-Ақса мешітінде орын алған жағдайға алаңдаушылық білдіреді және күрделі мәселенің оң шешімін табуын тілейді.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз (мұқтаждық пен дәрменсіздіктен, кемшілік атаулыдан ада). Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін де көруші)» («Исра» сүресі, 1-аят) деп баяндайды.

Еліміздегі барша мұсылманды қасиетті айдың соңғы күндерінде қасиетті мекеннің тыныштығы үшін дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала қасиетті әл-Ақсаның бейбітшілік пен амандықта болуын нәсіп етсін! Әмин!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру