Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҮГІННЕН БАСТАП МЕШІТТЕР ЖҰМЫСЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.07.2020 7187 0 пікір
БҮГІННЕН БАСТАП МЕШІТТЕР ЖҰМЫСЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАДЫ

Бүгін, 5 шілдеден бастап Үкіметтің қаулысы бойынша екі аптаға карантин шектеулері енгізіледі.

Карантин кезінде бірқатар нысандардың қызметіне тыйым салынады. Қызметі уақытша тоқтатылған нысандар қатарында діни нысандар да бар. Демек бүгіннен бастап екі аптаға дейін мешіттер қайта жабылып, мешіттерде бес уақыт намаз, Құран оқыту, неке қидыру және басқа да құлшылық жасау уақытша тоқтатылады. Алайда бес уақыт намазға азан айту тоқтатылмайды.

Діни, басқа да нысандардың қызметіне уақытша тыйым салу – жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында жасалып жатқан шара. Сондықтан үйде оқшауланып, карантин талаптарын қатаң сақтап, құлшылықтарды үйде атқарып, сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Себебі өзімізге қамқорлық – өзгелерге жасалған қамқорлық.

Халқымыз қайтадан қалыпты өмір тіршілігіне көшіп, жұқпалы індеттің жер бетінен тезірек жойылуын Алладан тілейміз! Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру