Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ СЫЙ ЖАСАДЫ (ФОТО)

muslim.kz 01.06.2020 1212 0 пікір
БАС МҮФТИ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ СЫЙ ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған діни қызметкерлер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығын» зиярат етіп, мерекелік сыйлықтар тарту етіп қайтты.

Карантин режиміне сәйкес Бас мүфти ғимарат қақпасы алдында Балалар үйінің басшылығымен жүздесіп, бүлдіршіндерге арналған түрлі ойыншықтар мен тәтті тағамдар, жеміс себеттерін табыстады.

Егемен еліміздің ертеңі болатын жас жеткіншектерге ізгі тілегін жеткізіп, арнайы дұға жасаған Наурызбай қажы Тағанұлы тәрбиеші апайларға да алғыс  білдіріп, еңбегіне жеміс тіледі. Өз кезегінде мекеме директоры Бибігүл Сайлаубекқызы да қашанда ҚМДБ тарапынан, мешіттер атынан қамқорлық көрсетіліп келе жатқанын атап өтіп, өз ризашылығын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі