Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Е-МҮФТИЯТ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ: АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 27.05.2020 3452 0 пікір
«Е-МҮФТИЯТ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ: АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС ӨТТІ (ФОТО)

Осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз. «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесін орнату бастамасы аясында қажетті камералар мен техникалық құралдар алынып, алғашқы онлайн жиналыс өтті.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кеңейтілген онлайн Төралқа мәжілісінде 34 мәселе талқыланды. Атап айтқанда, «Нұр Мүбәрак» университеті мен медресе-колледж шәкірттерін діни қызметке бөлу, онлайн режимге көшкен сауат ашу курстарының жұмысын жетілдіру, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында елді-мекендерде 30 көпір салу сынды қайырымдылық шараларды жалғастыру, имамдардың білімін жетілдіру мақсатында онлайн курс ұйымдастыру, мешіттерге ат қоюды жүйелеу, т.б. мәселелер қаралды.

Айта кетсек, «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі тек онлайн жиналыстармен шектелмейді. Аталған ақпараттық жүйеге имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны, т.б. мәліметтер енгізілуде.

«Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. «Е-МҮФТИЯТ» ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді», – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру