Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

13 July 2025

18 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

МОҢҒОЛИЯ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 26.05.2020 3369 0 пікір
МОҢҒОЛИЯ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек қажы Хадысұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесіне байланысты құттықтау хат жолдады.

«Биылғы Рамазанда мешіттерімізде жəне дастархан басында басымыз қосылмаса да, жүрегімізбен, тілегімізбен бірге болдық деп ойлаймын. Осы қасиетті күндерді аяқтап Жаратушының ұлы нығметі болған қасиетті Айт күні, əлемді алаңдатқан короновирус індетінен тез айықтыруды Хақ Тағаладан тілей отырып, сізді жəне сіз арқылы ондағы барлық мұсылман бауырларымызды Ораза айтымен құттықтаймын! Қасиетті айда жасаған құлшылықтарымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болсын!» делінген құттықтау хатта.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру