Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

15 July 2025

20 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

ЖАМАҒАТ НАМАЗЫН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ УАҚЫТША КҮШІНДЕ ҚАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.05.2020 7241 0 пікір
ЖАМАҒАТ НАМАЗЫН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ УАҚЫТША КҮШІНДЕ ҚАЛДЫ (ФОТО)

Бұл туралы елордада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Әрбір облыстағы карантин жағдайының деңгейі әртүрлі. Біз Бас санитар дәрігердің карантин режимінің кезең талаптарын сақтау жайлы қаулысын ұстанамыз. Сонымен қатар өңірлердің коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес жұмыс жүргіземіз. Демек қаулыға сәйкес, аймақтағы мешіттерімізді кезең-кезеңмен ашамыз.

Карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты қойған уақытша шектеуді өз күшінде қалдырып отырмыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара. Ал жамағатпен оқылатын намаздардың мерзімін алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру