Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

06 July 2025

11 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Майлыбас бекетінде мешіт ашылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 14.08.2023 2709 0 пікір
Қызылорда: Майлыбас бекетінде мешіт ашылды

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Майлыбас ауылдық округіне қарасты теміржол бойындағы Майлыбас бекетінде жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті.

Қасиетті жұма күні өткен мешіттің ашылу салтанатына облыс бас имамы Болатбек Абу арнайы қатысып, бұл нысанның халықтың рухани жаңғырып өркендеуіне үлес қосатын, жастарды жақсы бағытта тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік беретін орын екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов және Қазалы ауданының құрметті азаматы Нәжмадин Мұсабаев елдімекен тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, жиылған жамағатқа ақжарма лебіздерін арнады.

Елдімекен орталығынан бой көтерген жаңа мешіттің сыйымдылығы 100 адамға арналған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру