Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жамбыл: Қордай ауданына жаңадан бас имам тағайындалды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 02.06.2023 1749 0 пікір
Жамбыл: Қордай ауданына жаңадан бас имам тағайындалды

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Қордай аудандық орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Насихаттан соң жамағатқа хабарландыру жасап, бірнеше жыл бойы қажырлы еңбек етіп, өңірдің діни ахуалының дамуына үлес қосқан Асқар Зәкіржанұлына алғыс білдірді. Жамағат имамға шапан жауып, ат мінгізді. Қариялар батасын беріп, көпшілік игі тілектерін жаудырды. 

Облыс бас имамы қордайлықтарды жаңа бас имам Әлмұхаммед Егізбаевпен таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқыды. Білікті маманның білім деңгейін, тәжірибесін тілге тиек етіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. 

Әлмұхаммед Айтмұханұлы – 2009-2012 жылдар аралығында Түркістан каласында Құран курсын оқып, Құран Кәрімді толықтай жаттап шыққан қари.  «Шымкент» медресесінің түлегі әрі Түркиядағы «Хасеки академиясында» білім алған. Бұған дейін «Һибатулла Тарази» медресе-колледжiнде ұстаздық, Тараз қаласының мешіттерінде имамдық қызметін атқарды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру