Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында жазғы сауат ашу курсы қорытындыланды

Алматы облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 30.06.2025 1207 0 пікір
Алматы облысында жазғы сауат ашу курсы қорытындыланды

Алматы облысы, Іле ауданы Түймебай ауылындағы «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінде қыздар тобына арналған жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетіп, игі шара ұйымдастырылды.

Оқу барысында шәкірттер «Иманды нақтылайтын сөздер», «Дұғалар» және «Имани жаз» секілді оқулықтар негізінде діни білім алып, 40 парыз бойынша емтихан тапсырды. Сондай-ақ, жаттаған дұғалары мен мақал-мәтелдерін көпшілік алдында сәтті орындап, білімдерін паш етті. Шараға шәкірттердің аналары қатысып, балаларының жетістігіне куә болды.

Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы шәкірттерді арнайы марапаттап, сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, қыздарын тұрақты түрде мешітке әкеліп отырған белсенді аналарға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар берілді.

Шара соңында 42 шәкіртке балмұздақ пен түрлі сыйлықтар үлестіріліп, имани тәрбиеге толы жазғы курс мазмұнды әрі әсерлі түрде аяқталды.

      

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру