ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тазалық акциясы аясында Алматы қаласындағы мешіттерде санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шара Алматы Орталық мешітінен бастау алып, мешіт аумағындағы қоқыстар шығарылып, әрлеу-сырлау, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жасыл-желек пен ағаштар ретке келтіріліп, суарылды. Мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесіп, тазалық шарасына белсене қатысты.
Шараға қатысқан имамдар қоршаған ортаны таза ұстау – мұсылманның көркем мінезі мен иманының бір көрінісі екенін атап өтті. Олар жамағатпен бірге мешіт айналасындағы қоқыстарды жинап, тазалық мәдениетін насихаттады.
Айта кетейік, Алматы қаласындағы мешіттер мен жамағат өкілдері «Таза Қазақстан» акциясына тұрақты түрде ай сайын қатысып, қоршаған ортаны қорғауға, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосып келеді.



































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
azan.kz
30.06.2025
1382
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру