Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 May 2023

9 Zýlqaǵda 1444 Хижра

  DINI MEREKELER

Қонаевта Аналар кеңесінің дөңгелек үстелі өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 25.05.2023 376 0 пікір
Қонаевта Аналар кеңесінің дөңгелек үстелі өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Әжелер мектебі – ұлт тәрбиесінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Алқалы жиынға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, Қонаев қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Дәметкен Таласбекқызы, Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары және Семей полигонынан зардап шеккендер ұйымының жетекшісінің көмекшісі Назым Сабазқызы, Қарасай ауданының ұстазы Мінәйім Арынқызы, Қарасай және Іле аудандарының аналары қатысты.

Жиын барысында қоғамдағы қыз балаларымыздың тәрбиесі, жас отбасыларға кеңес беру және жанұялардың ажырасуының алдын алу бойынша семинарларды өткізу мәселелері көтеріліп, бірқатар ұсыныс пікірлер айтылды.

Шара соңында облыс бас имамы аталмыш дөңгелек үстелді ұйымдастырған ізгі қоғам бағытына жауапты Дархан Аманұлына және өңіріміздегі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызына алғыс білдірді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру