Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

09 June 2023

20 Zýlqaǵda 1444 Хижра

  DINI MEREKELER

ШЫМКЕНТ: 1000 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ҮЛЕСТІРІЛДІ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 01.04.2023 861 0 пікір
ШЫМКЕНТ: 1000 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ҮЛЕСТІРІЛДІ

 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент орталық мешітінің және қала әкімдігінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Айбек Азимбаев,  Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Шымкент қаласы дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы т.б. азаматтар қатысты.

Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарқаны орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы 1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» қайырымдылық себетін үлестірілді. Оның ішінде күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б.  

Айта кетсек, көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қаладағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Қождан ата», «Темірші ата» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру