Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 July 2024

21 Muharram 1446 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: Алаштанушы Елдос Тоқтарбаймен кездесу өтті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 03.03.2023 1929 0 пікір
Атырау: Алаштанушы Елдос Тоқтарбаймен кездесу өтті

Алаш зиялыларының мұраларын кеңінен насихаттап жүрген жазушы, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Елдос Тоқтарбай Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті мешіттерді аралады.

Мешіттердің жұмысымен танысқан жас жазушы жамағатпен, жастармен кездесті.

«Алаш еңбектерін әрбір қазақ баласы көкейіне тоқып, жүрегіне сақтау керек. Бір мемлекеттің өнерін, баспасын, оқу-ағарту сынды көптеген саласын жолға қойып берген тұлғаларға қашанда құрмет бөлек. Егемен елімізде алаш арыстарының құнды мұраларын зерттеуді жалғастырамыз» деп атап өтті жас ғалым Елдос Тоқтарбай.

Сондай-ақ, ол Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған медиа орталықта болып, сұхбат берді. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ҚМДБ биылғы жылды » Ислам және ізгі қоғам жылы» деп жариялағанын атап өтті. Сондай-ақ «Алаштану», «Тұлғатану» сияқты көптеген еңбектер жазылып, насихатталатынын еске салды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру