Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Мұсылман әйелдің шариғи киім үлгісін көрсетті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 23.09.2022 2312 0 пікір
Ақтөбе: Мұсылман әйелдің шариғи киім үлгісін көрсетті

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мұсылман әйелдерінің шариғи киім үлгісі» сән көрсетілімі өтті.

Байқауға 25 киім үлгісі бойынша 4 тігінші-дизайнер қатысты. Көрсетілім нәтижесінде барлық номинациядан киім үлгісін ұсынған Гүлия Рамазанова @dana_brand республикалық сән байқауына жолдама алды.

Тігінші-дизайнер Гүлия 2 спорттық  киім, 1 мектеп формасы, 2 кеңсе киімі, 3 ұлттық нақыштағы киім үлгісін ұсынды. Ал екінші қатысушы жас жизайнер Айгерім Бақытбек көрсетлімге спорттық және кеңсе киімін ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар дизайнер Алия Шаймурдина @alia_brand кешкі сән көйлектерімен ерекшеленді. Одан өзге Ариназ Уркимбаева @murat_arunaz дизайнер кеңсе және кешкі көйлектерді жұртшылық назарына ұсынды.

Шара қортындысында Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мұсылман әйелдің шариғаттағы киімі туралы насихат айтты.

– Мұсылман әйелдің киім үлгілерін тіктіру арқылы тек мұсылманшылыққа бет бұр­ған қыздардың мәселелері шешіліп қана қоймайды, сонымен бірге қазақылығымызды насихаттау­ға, нығайтуға үлкен мүмкіндік болады. Бұл арқылы ең әуелі біз қыздарымызды қазір жаһанды жай­лап жатқан жалаңаштану сая­сатынан сақтап қаламыз. Ұлтты­ғы­мызды сақтап қалудың бір жо­лы – аталған киімдерімізді кеңі­нен насихаттау. Тек насихаттау емес, оны күнделікті өмірде киіп жүру. Діни басқарманың қолға алып отырған ісі кешегі жоғалт­қан құндылықтарды қайта жан­дандырудың, мұсылмандық па­ры­зы­мызды орындаудың әрекеті. Осы шара арқылы иманын ой­лаған аяулы қаракөздердің киім жайлы мәселелерін шешуге үлес қосқан болсақ, мақсатымыздың орындалғаны, – деді бас имам.

Серікжан Еншібайұлы қатысушы дизайнерлерге алғысын білдіріп, Гүлия Рамазановаға республикалық байқауға жолдама мен бас жүлдені табыс етті. Жеңімпазға және барлық қатысушыға қаржылай сыйлық пен алғыс хат табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру