Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

РАНТ МҮШЕСІ АТЫРАУЛЫҚ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 04.08.2022 3480 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ АТЫРАУЛЫҚ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының Исламдық қаржы мәселелері жөніндегі сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев Атырау облысына жұмыс сапары барысында жергілікті имамдармен кездесті.

Кездесу аясында спикер РАНТ-ның міндеті туралы және діни ағарту бағытындағы жұмыс тәжірибесін бөлісті.

«Республикалық ақпараттық насихат тобының міндеті – халыққа ислам діні туралы дұрыс ақпарат беру және қоғамды рухани тұрғыда тәрбиелеу. Әр насихатты ауқымды көлемде жеткізу үшін жан-жақты дайындық, әркез ізденіс керек» дейді Мақсатбек Қайырғалиев.

Кездесу барысында РАНТ мүшесі имамдар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ Мақсатбек Қайырғалиев сапар аясында орталық «Иманғали» мешітінің «Amin.kz» студиясында сұхбат берді.

«Қаржы пирамидасының діни үкімі», «Мұсылман өз қаржысын қалай басқаруы керек?» деген тақырыптарда сұхбат берген Мақсатбек Қайырғалиев жұртшылықты қаржыны адал жолмен табуға, еңбек етуге, жаңа кәсіп түрлерін меңгеруге шақырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру