Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Жазғы сауат ашу курсын 912 шәкірт тәмамдады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 27.07.2022 3174 0 пікір
Ақтөбе: Жазғы сауат ашу курсын 912 шәкірт тәмамдады

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылған  «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсы аяқталып, Ақтөбе өңірінің шәкірттеріне сертификаттар мен арнайы сыйлық табысталды.

Аталған жазғы курс Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінен бастау алып, қалалық, аудандық мешіттерде жалғасын тапты.

Курс барысында «Мұғалім сәни», «Құран», «Ислам әдебі», «Пайғамбарлар қиссасы», «Алланың 99 есімі», «Күнделікті дұғалар» атты дәріс өтті. Сонымен қатар шәкірттердің таным көкжиегін байыту мақсатында табиғат аясында серуендер ұйымдастырылды. Ұзын саны 912  мектеп жасындағы оқушы, тарқатар болсақ, 583 ұл мен 329 қыз бала курсты ойдағыдай тәмамдады.

«ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жылдағы дәстүрге сай, жаздағы балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында «Имани жаз» атты сауат ашу курсын ұйымдастырып келеді. «Жалпы мұсылман бала қандай болу керек?» деген мақсатта сабақтар өтті. Үйренген Құран әліппесі мен әдеп аясындағы өткен дәрістерді ұмытып кетпей, әрі қарай отбасыларында жалғастырады деген ниеттіміз. Сондай-ақ кейін де мешітке келіп, ұстаздардан дәрістерді жалғастырса,  нұр үстіне нұр болады.

Сіз бен біз болып қоғамда әдепті бала болуға әрекет жасайық. Бүлдіршіндер телефонда көп отырғанның орнына кітап оқыса, көбірек Құран жаттаса деген ізгі ниетіміз бар» деп облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы жазғы діни сауат ашу курсының маңыздылығына тоқталып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірген ата-аналарға, курс барысында сабақ берген ұстаздарға алғысын білдірді,

Сонымен қатар сауат ашу курсын тәмамдаған шәкірттерге арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Одан өзге ата-аналар ұстаздарға мен жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ендігі жылы асыға келетінін айтты.

Айта кетейік, жазғы сауат ашу курсында 287 ұл мен 137 қыз бала Құранға түсті.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру