Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскемен мен Семей имамдары жүздесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 26.05.2022 1614 0 пікір
Өскемен мен Семей имамдары жүздесті

«Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында Өскемен және Семей аймағының имамдарының кезекті басқосуы өтті.

Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлымен Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы бастаған имамдар Өскеменде «Халифа Алтай» мешітінде кездесу өткізіп, бірқатар іс-шараларды талқылады.

Кездесуде Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Ислам – бірліктің, ынтымақтың діні. Биыл ҚМДБ аясында «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы деп жариялануы тегін емес. Екі өкілдіктің бір-бірімен тығыз байланыста болып, іс-тәжірибе алмасуы аса маңызды, қазіргі жұмыс дағдысына өте керек тәсіл. Дінімізде мұсылмандардың өзара бауырмалдығы бірінші кезекте тұруы тиіс деген асыл тағылымдар бар» дей келе, өкілдіктердің өзара ынтымақтастықта жұмыс атқаруының маңыздылығына тоқталды.

Бас имам сонымен қатар алдағы кезеңде екі өкілдіктің өзара байланысы одан ары дами беретіні жайлы айтып өтті.

Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы өкілдіктердің ынтымақтастықта жұмыс атқаруы нәтижесінде асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау бағытында бұған дейін де бірқатар шаралар атқарылғанын жеткізіп: «Өкілдіктер үшін қызмет те, мақсат та, мүдде де ортақ. Ол асыл дініміз Исламның құндылықтарын насихаттау. Біз жан жақты өзара байланысымызды арттыра отырып, дін қызметін дамыта береміз. Бұл жолғы кездесу жұмысымызға тың серпін береді» деп атап өтті. Ол өз сөзінде әсіресе имамдардың біліктілігін жетілдіру, жат ағымдарға қарсы күресте бірлескен қимылдар жасалғанын баса айтып өтті.

Екі аудан имамдары өзара пікір алмасып, алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру жайын ақылдасты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру