Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

06 July 2025

11 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақмола: Зират орындарын таза ұстау мәселесі қаралды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 23.05.2022 2042 0 пікір
Ақмола: Зират орындарын таза ұстау мәселесі қаралды

Елорда іргесіндегі елдімекендер күн санап өсіп келеді. Тұрғындары да ондаған мыңнан асып жығылады. Жергілікті мешіттер жұмысына да бақылауды босатып алуға болмайды. 

Осы мәселелерді Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит Целиноград ауданына сапары кезінде кеңінен талқылады. Аудандағы барлық мешіттердің имамдарымен өткен басқосуда «QAMQOR SHARAPAT» салттық қызметін аудан бойынша насихаттау және тапсырмалардың орындалуы жайы қаралды.

Сонымен бірге жаназа рәсімдерін өткізу барысында олқылықтар жібермеу, зират қорымдарды тәртіпте ұстау мәселесі күн тәртібінде қаралды. Басқосу соңында әр бағыттағы жұмыстар бойынша тиісші шешімдер шығарылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру