Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақжайық имамдары бас қосты

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 10.02.2022 1884 0 пікір
Ақжайық имамдары бас қосты

ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің бастамасымен «Орал»  орталық мешітінде өңірдің бас имамы Бақытжан Құралбайұлының төрағалығымен жылдың жұмыс жоспары пысықталды.

Жиынға облыс, қала, аудан, ауыл имамдары мен жеті бағытқа жауапты мамандар қатысты. ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр әуелеті, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану және теріс ағымдармен оңалту жұмысын күшейту мәселелері талқыланды.

Бақытжан Құралбайұлы ҚМДБ бекіткен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылында атқарылатын жеті бағытқа арнайы тоқталды. «Діни білім және ғылым» бағыты бойынша діни сауат ашудағы шәкірттердің санын көбейту, аудан имамдарына медресеге шәкірт дайындау, медресе түлектерін ауылдық жерге жұмысқа орналастыру, жоғары діни білімді кадрлар санын арттыруға басымдық берілмек. Сондай-ақ Ихсан ілімін кеңінен насихаттап, осы бағытта жазылған мақалаларды жергілікті БАҚ беттеріне жариялау, онлайн және офлайн дәрістер ұйымдастыру, «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» және «Балалар жылы» тақырыбына орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері айтылды.

Бас имам шегелеп тапсырған әр істі түсіндіріп, дін мамандарының ұсыныс-пікірін тыңдады. Жылды ерекше қарқынмен бастаған Ақжайық имамдардың алдағы атқаратын жұмыстарынан күтер үміті мол.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру