Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Аймақта «Асабалар кеңесі» құрылады

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 10.02.2022 2881 0 пікір
Шымкент: Аймақта «Асабалар кеңесі» құрылады

Шымкент орталық мешіті мен «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұйытқы болуымен «Сөз түзелсе...» атты аймақтық асабалар семинары өтті.

Басқосуға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Түркістан облыстық «Түркістан – Ахмет Ясауи» мешітінің наиб имамы Самат Анарбаев, наиб имам Мұсабек Ақтамберді, әл-Фараби ауданының бас имамы Ахметжан Керімбек, дінтанушы Азамат Әбікерімұлы, Шымкент қаласы «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директоры, айтыскер ақын Біржан Байтуов, ақын Абзал Қажымұқан, «Шаншар» және «Алдараспан» әзіл-ысқақ театрының артистері мен оңтүстікке белгілі асабалар қатысты.

Семинарға қатысушылар тарапынан ерекше рухани бастама көтерілді. Жалпы, Түркістанда Ахмет Ясауи, Шымкентте Ибраһим ата мен Қарашаш ана кесенелері бар. Демек қос шаһар – құстың қос қанатындай киелі мекен. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұрпақ амандығы мен тәрбиесіне орай Шымкент қаласын рухани тұрғыдан «Шымкент – арақ-шараптан ада шаһар» деп атау туралы бастама көтерілді.

Айта кетсек, зиялы қауым, дін өкілдері және той-жиын жүргізетін асабалар алдағы уақытта жиі кездесіп, түрлі деңгейдегі шаралар өткізуге бірауыздан уағдаласты. Сондай-ақ жиын барысында Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша «Асабалар кеңесі» құрылатыны мәлім болды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру