Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Практикалық сабақ пайдалы болды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 08.02.2022 1587 0 пікір
Ақтөбе: Практикалық сабақ пайдалы болды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева осы мешіттің әйел жамағатына «Жан бар жерде қаза бар» тақырыбында екінші практикалық сабақ өтті. 

Дәріске қатысқан әйел жамағаты мәйітті жуындыру және кебіндеу туралы толық мәлімет алып, тақырып аясында сұрақ қою арқылы тұшымды жауап алды. Шара қортындысында дәріске қатысушы әжелер алғыс білдіріп, ұйымдастырушыларға бата берді. Жастар алғашқы өткізілген практикалық сабаққа оң бағасын беріп, өзге де тақырыптар туралы практикалық сабақтар жалғасын тапса деген ұсынысын білдірді.

Еске салсақ, бірінші практикалық сабақта ұстаз пенденің жан тәсілім мезгілінде қасындағы жанашырларының жасау керек болатын амалдарын әңгімелей келе, оң жаққа қою, кебін пішуді егжей-тегжейлі түсіндіріп, қуыршақ маникенді қолдану арқылы іс жүзінде көрсетті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру