Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: «Орамалым – басымдағы тәжім»

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 07.02.2022 1894 0 пікір
Қостанай: «Орамалым – басымдағы тәжім»

Жуырда осындай тақырыпта Қостанай облысы Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұстазы Аяулым Ермекқызының ұйымдастыруымен тағылымды іс-шара өтті.

Аталмыш басқосу Алланың қасиетті кәләмын оқумен басталып, онда осы іс-шараны өткізуге мұрындық болған Аяулым Ермекқызы жалпы әйелдің қоғамдағы, жанұядағы алатын орнына, жүрегі нәзік жандардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды.

Сондай-ақ Батыс мәдениетіне шектен тыс еліктеудің қажеті жоқтығын айта келіп, әрбір отбасының алтын діңгегі, ұлтымыздың мақтанышы саналатын қыз-келіншектердің табиғатына сай әдеп пен инабаттылықты барынша сақтауы және басқа да оларға ғибрат болар ойларын ортаға салды.

Әйел қашанда мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық сияқты асыл қасиеттерімен дараланады. Кеште әңгіме өзегіне айналғандай, әйел өзінің орамалымен көрікті. Қазақтың: «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деуі де бекер емес.

Басқосуға арнайы шақырылған «Куртулуш» медресесінің шәкірті Айша мен Нұр-Мүбәрак университетінің түлегі Перизат ұстаздар да тағылымды әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ қажы апалар да дін мен дәстүрге байланысты өз пікірлерімен бөлісті. Жиынның соңында дастарқан жайылды. Викториналық ойындар өткізіліп, сыйлықтар табыс етілді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру