Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШҚО: Зайсанда садақ атқызып, Тарбағатайда тай жарыстырды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 04.02.2022 2023 0 пікір
ШҚО: Зайсанда садақ атқызып, Тарбағатайда тай жарыстырды

ҚМДБ жариялаған «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Тарбағатай аудандарында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.

Зайсан аудандық мешіті жамағат арасында мергендік сайысын өткізіп, садақ аттырса, тарбағатайлықтар тай жарыстырды.

Қос ауданның жамағаты екі сайысқа да белсенді қатысып, үздіктер арнайы марапатталды.

Мергендер сайысы жайында Зайсан аудандық мешітінің бас имамы Нұрболат Әметұлы: «Бұл шара мешіт жамағаттарының ынтымағын арттыру, оларды басқа жамағаттарға үлгі ету, асыл дініміздегі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталып отыр» десе, ұлттық спортты насихаттау мақсатында тай жарысын ұйымдастырған Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы жарысқа атбегілер аудан көлеміндегі бәйгелерге қатысып жүрген өз жүйріктерін үкілеп қосты дейді.

«Біз ұлттық ат спортын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттап, балалардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында осы бәйгені ұйымдастырып отырмыз» деді ол.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру