Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қарағанды: Орамал – иманның қабы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 03.02.2022 2514 0 пікір
Қарағанды: Орамал – иманның қабы

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балкыбайұлы мешітінің ұстазы Рахима Талипбекованың жетекшілігімен орамал күніне арналған рухани іс-шара өтті.

«Орамал – иманның қабы, оның сыйы – жәннат бағы» атты шарада қыз-келіншектер түрлі орамал үлгілерін ұсынып, өзара бақ сынады. Байқау соңында барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталып, жүлдегерлер марапатталды.

Берекелі істі ұйымдастырған аймақ ұстазы Рахима Талипбекова кеш барысында орамалдың қасиеті мен қадірі жайлы уағыз-насихат айтты.

Іс-шара бой жетіп келе жатқан қазақтың қара көз қыздарын имандылыққа баул, Ислам дінінің құндылықтарымен сусындату мақсатында өткізілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру