Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматыда аудан имамдары тағайындалды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 28.01.2022 2865 0 пікір
Алматыда аудан имамдары тағайындалды

Бүгін қасиетті жұма күні Алматы қаласының Алатау аудандық «Бекет ата» мешіті мен Түріксіб аудандық «Фирали Ферғанұлы» мешітіне жаңадан имамдар тағайындалды.

Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Түріксіб аудандық «Фирали Ферғанұлы» мешітінде «Мұсылман әдебі» тақырыбында жұма уағызын айтты. Сондай-ақ, Бас мүфти бұйрығымен аудандық мешітке жаңадан бас имам болып тағайындалған Ержан Абдрамановты жамағатқа таныстырды. Ал, Саттарқұл Сатиұлы Түріксіб аудандық «Фирали Ферғанұлы» мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, Алатау ауданы, Мәдениет ықшам ауданында орналасқан «Мәдениет-1» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Өз кезегінде наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев саналы ғұмырын имамдық қызметке арнап келе жатқан ақсақал имам Саттарқұл қажыға алғыс білдіріп, дәстүрге сай иығына шапан жапты.    

Сонымен қатар Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан «Бекет ата» мешітінде жұма намазын өткізіп, бас имам болып тағайындалған Амантай Садиевті Алатау ауданы жамағатына таныстырды. Ал, бұған дейін аудандық мешітті басқарған Мәди Ахметов алдағы уақытта Алатау ауданына қарасты «Мырзахмет» мешітінде қызметін жалғастырмақ.

Бұдан өзге Кенжебек Оразбекұлы «Мәдениет-1» мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, Алатау аудандық «Бекет ата» мешітіне наиб имам болып тағайындалды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру