Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Атырауда жаңа мешіт ашылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 29.12.2021 1341 0 пікір
Атырауда жаңа мешіт ашылды

Атырау қаласына қарасты Томарлы ауылында жаңа мешіт ашылды.

«Анашым» деп аталатын мешіттің сыйымдылығы бес жүз адамға арналған. Шара Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды.

Алла үйінің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров арнайы қатысты.

Ершат Ағыбайұы мешіт құлшылық ордасы ғана емес, берекенің, елдің ынтымағы мен бірлігін насихаттайтын орын екендігін атап өтті.

«Бұл жерде еліне, дініне қызмет қылатын ұрпақ қалыптасатынан сенемін. Имандылық ордасы әр кез ізгі істердің бастамашысы болғай» деді наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бой көтерген мешіттің ашылу рәсіміне алыс-жақыннан зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары қатысты.

Ершат Ағыбайұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан Алла үйіне ескерткіш сыйлық пен Қасиетті Құран Кәрім табыстады. Сондай-ақ, мешітті тұрғызған кәсіпкер Арман Тоғаевқа алғыс хат табыстады.

Сондай-ақ Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысында 25 мешіт салу жоспарланған болса, соның төртеуі ашылғанын, қалғандарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Жаңа мешітке білікті маман Айдын Серікбаев имамдық қызметке тағайындалды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Мұрағат