Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Оралда волейболдан облыстық турнир өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 24.12.2021 2745 0 пікір
Оралда волейболдан облыстық турнир өтті

Оралда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Дені саудың – рухы сау» ұранымен волейболдан облыстық турнир өтті.

БҚО өкілдігінің бастамасымен имамдар мен жамағат ауызбіршілігін арттыру, мешіт жамағатымен тығыз байланыста болу мақсатында түрлі мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Турнирдің ашылу салтанатында облыстың бас имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз сөйледі.

«Ислам – адамды жан-жақтылыққа тәрбиелейтін дін. Ол құлшылықпен ғана шектелмейді. Ислам бірлік, ынтымақ, бауырмалдылықты арттыруды дәріптейді. Бұл ретте спорт достық қарым-қатынасты жалғастырудың үлкен тетігі бола алады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі әлсіз мұсылманнан қуатты мұсылманның абзалырақ екендігін айтқан. Мұсылмандар неғұрлым спортпен айналысып, күшті болған сайын, соғұрлым ақыл-ойы, санасы дұрыс болады. Дұрыс ойлаған адамның өмір жолы қашан да ашық болады» деді бас имам.

Жарысқа мешіт имамдары, медресе шәкірттері, Теректі мен Бөрлі аудандық мешіттерінің жамағаттары белсене араласып, жеті команда қатысты. Ойын қызық пен тартысқа болды. Жарыс нәтижесінде І орынды «Ақмешіт» командасы, ІІ орынды «Намыс» командасы, ІІІ орынды «Теректі» командасы иеленді.

Жарыс соңында қатысушыларға бағалы сыйлық мен дипломдар табысталды. Ақшалай және бағалы сыйлықтар берілді. Осындай спорттық шара Жәнібек ауданында да жалғасты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру