Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

01 July 2025

6 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

«Назарбаев зияткерлік мектебі» асханасы сертификатталды

halaldamu.kz 20.10.2021 2133 0 пікір
«Назарбаев зияткерлік мектебі» асханасы сертификатталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» асханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды.

Елордадағы ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептің бірі саналатын білім ордасындағы асхана «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мұсылмандардың қара шаңырағына келген Назарбаев зияткерлік мектебінің өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Білім ордасы 2008 жылы елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елордада негізі қаланып, он үш жылдың ішінде еліміздің барлық өңірлерінде ашылды. Зияткерлік мектеп білім берумен ғана шектелмей, таза да сапалы, адал азық-түлікпен балаларды қамтамассыз ету арқылы жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Бұдан былай, мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар «QMDB Halal» стандарт талаптарын сақтай отырып, әзірленетін болады», – дейді А.Асқарбекұлы.

«Жеңс Транс Сервис» кәсіпорнына тіркелген Назарбаев зияткерлік мектебі асханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 18.10.2021-17.10.2022 мерзімі аралығында жарамды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру