Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Павлодар: Аға буынға құрмет көрсетті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 01.10.2021 1262 0 пікір
Павлодар: Аға буынға құрмет көрсетті

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ұжымындағы аға буын қызметкерлерді қабылдап, құрмет көрсетті.

«Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың еңбегі ерен. Саналы ғұмырын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға ұрпақты құрметтеу – біздің міндетіміз» деді бас имам.

Жолдас Қоспақұлы жасы үлкен қызметкерлерге сый-сияпат жасап, құттықтау хат табыстаса, Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ұстаз Қ.Қажымәлікқызы, З.Шадиева, А.Тұрғанбайлар «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, Екібастұз қалалық мешітінің діни сауат ашу курсынде тұрақты оқитын шәкірт апаларға да осындай құрмет көрсетіп, әрқайсысына естелік тарту жасады.

Үлкендер өз кезегінде дін қызметкерлерінің тосын сыйына ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру