Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Теміртаулық қариялар құрметке бөленді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 01.10.2021 2642 0 пікір
Теміртаулық қариялар құрметке бөленді

Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты іс-шара өтті.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай жүзеге асқан іс-шараға қалалық Ақсақалдар алқасының мүшелері және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен қазыналы ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты асыл аналарымызға ақ дастарқан жайылып, ғасырлар бойғы «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» дәстүріне сәйкес қазақы құрмет көрсетілді.

Естай Айтуғанұлы жиналған қауымды төл мерекесімен құттықтап, қала мешіттерінің бір жыл ішінде атқарған жұмысымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, көп жылдан бері құлшылық үйлерінде қызмет етіп келе жатқан Шынуар Серікбайұлы ақсақалға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын табыстап, орталық мешіт атынан шипажайға жолдама табыстады.

Кеш соңында қариялар имамдарға алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру