Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскемен: Университет студенттерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 30.09.2021 1699 0 пікір
Өскемен: Университет студенттерімен кездесті

Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесуде бас имам діни білімнің тәрбиеге ықпалы туралы сөз сөйледі. Ермек Қасболатұлы жастарға: «Дәстүрлі Исламда адамгершілік асыл құндылықтар тұтастай көрініс тапқанымен өз құндылығын жоғалтпай келеді. Асыл дініміздің қоғамда ізгіліктің салтанат құруына ықпалы зор. Жастардың білімді, отаншыл, иманды, әділ, еңбекқор болып өсуі тәуелсіз еліміздің нығаюы үшін аса қажет. Жастар жат ағымдарға еріп адаспай, тек дәстүрмен үндескен ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі Ханафи мәзһабымен жүру керек» деп атап өтті.

Ермек Қасболатұлы рухани тәрбие туралы тарқата айта келе, Ихсан кітабы туралы кең көлемде таныстырып өтті. Бас имам сонымен қатар жастардың сауалдарына жауап бере келе, жастарға арналған ізгі шаралар жайлы таныстырды.

Жастар кездесудің тағылымды болғанын жеткізіп, бас имамға алғыс білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру