Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: «Иманғали» мешітіне жас ұстаздар келді

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 28.09.2021 2076 0 пікір
Атырау: «Иманғали» мешітіне жас ұстаздар келді

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағатқа өңірге дін саласына қызметке келген жаңа ұстаздарды таныстырды.

Ұстаздар Еркебұлан Жақсылықов, Олжас Скаков және Заһиджон Гуламов «Иманғали» мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында дәріс беруде. «Ұстаздарға асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауда, Құран оқытуда саналы шәкірттер тәрбиелеуде сенім білдіреміз» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Олжас Скаков Шығыс Қазақстан облысында туған. 2013-2015 жылдары Нұр-Мүбарак университетінде дінтанушы мамандығы бойынша білім алды. 2017-2021 жылдары Астана медресесінде ақида, тәпсір, хадис және фиқһ пәндері бойынша ұстаз болып қызмет етті.

Заһиджон Гуламов – Түркістан облысының тумасы. 2014-2019 жылдары Түркияның Стамбұл қаласындағы «Иддеф даруларкан» медресесінде білім алған. 2019-2021 жылдары Атырау облысы Доссор кентіндегі «Сәтен Шәмек» мешітінде ұстаздық қызмет атқарды.

Еркебұлан Жақсылықов – Өзбекстанда дүниеге келген. 2010-2015 жылдары Қырғызстандағы «Нұр ул-Ислам» медресесінде білім алған. 2016-2019 жылдары Жамбыл облысындағы Қордай медресесінде тәлім алды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру