Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Алматыда 63 кәсіпорын тексерілді

halaldamu.kz 27.09.2021 524 0 пікір
Алматыда 63 кәсіпорын тексерілді

Алматы қаласындағы «QMDB Halal» сертификаттын алған 63 кәсіпорын тексерілді.

Кезектен тыс бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, бас сарапшы-технолог Айжан Омарова мен технолог Айзат Сатаева, сондай-ақ жергілікті бақылаушы-инспектор Маратхан Чадаев орындады.

«Адал ас – ұлттық, елдік мәселе. Халал өнім – ел болашағын ойлаған әрбір азаматты алаңдатуға тиіс. Кезінде бұл мәселеге мойын бұруға мүмкіндік болмады. Ал, қазір тәуелсіздігімізді, елдігімізді халалмен байланыстыру деңгейіне көтеріп келеміз. Аллаға шүкір, бұл – тәуелсіздігіміздің арқасында келген өлшеусіз сый. Сол себепті, осы мол мүмкіндікті пайдаланып, отандық халал индустриясын дамытуға барынша ат салысуға тиіспіз. Осы орайда, «Халал Даму» мамандары Алматы қаласындағы «Magnum» сауда орындары, «Salam Bro», «6'INCH», «KIKI'S», «Gippo» фаст-фуд өндірісі, «Қағанат» асханалар желісі мен «Happy cake», «Qulpinay Bakery» кондитерлік өнімдері секілді ірі өндіріс орындарынан бастап, шағын форматтағы 63 кәсіпорын тексеріліп, «Сатыбалды», «Назик и К» өндіріс орындары сертификат жаңартты. Өнімдердің өндірілуі, өңделуі, дайындалуынан бастап барлық процесс сүзгіден өткізілді. Бұның барлығы халал өнімді тұтынушылардың адалдық таңбасына деген сенімділігі үшін өткізіліп отырған шара.

Ислам діні – таза дін. Қай мәселе тұрғысынан қарасаң да, ең алдымен тазалық бірінші орында тұрады. Сондықтан тазалық тұрғысынан алғанда «халал» өнім өндіретін өндіріс пен өнімді тұтынушыға жеткізетін сатылым орындары, сондай-ақ сатушылар мен сату ісін ұйымдастырушылар да халал талабына лайық болуы керек. Сондықтан кәсіпорындардағы санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Бүгінгі аудит жұмысы жоғары деңгейде өтті. Себебі, кәсіпорындардағы халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер мен әйел жамағатына, кәсіпорын қызметкерлеріне арналып оқу-семинары ұйымдастырылды» дейді  Айбек Асқарбекұлы.  

Естеріңізге сала кетейік, республикалық деңгейдегі ревизорлық бақылау шаралары 20-25 қыркүйек аралығында Алматы қаласында жүргізілген болатын. Тексеріс нәтижелері ашық түрде халық назарына ұсынылып отырды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Musylman dіnı kúntіzbesі