Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҚО: Жаңақалада асхананың іргетасы қаланды

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 23.05.2020 2370 0 пікір
БҚО: Жаңақалада асхананың іргетасы қаланды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтановтың бастамасымен, иманды азаматтар Айболат Бөкенов пен Руслан Оразғалиевтің қолдауымен Алла үйінің жанынан 250 адамға арналған жаңа халал асхананың іргетасы мен қабырғасы қаланды.

Осыған орай ауданның бас имамы Ерік Қонақбайұлы бастаған мешіт жамағаты асхананың іргетасы мен қабырғасын қалау рәсімін өткізді. Алдымен құрбан шалынып, дұға жасалып, бата берілді. Жиналғандарға салынғалы жатқан жаңа асхананың жобасы таныстырылды. Бұдан кейін бас имам облыстық «Ақжайық» телеарнасына асхананың құрылысы жайында сұхбат берді.

Дін жанашырлары мен қаржылай көмек қолын созған жомарт жандарға Алла разы болып, сауаттан жазсын!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру