Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

05 July 2025

10 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Сақтықта қорлық жоқ

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 25.03.2020 2824 0 пікір
Қостанай: Сақтықта қорлық жоқ

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде әлемді жайлаған коронавирус дертіне байланысты арнайы мамандар шақырылды.

Онда мешіттің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиевтің қадағалауымен дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Атамыз қазақ «сақтықта қорлық жоқ» деп босқа айтпайды. Осындай қиын кезде халқымызға ауызбірлік, ынтымақ қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бәріміз тазалық пен сақтыққа ерекше мән беріп, бір-бірімізден көмегімізді аямауымыз қажет.

Бұдан басқа мешітте күнделікті тазалық жұмыстары да қатаң бақылауда. Ал мешітке келушілерге кеңесіміз: міндетті түрде маскамен келсе нұр үстіне нұр болады, дейді дін қызметкерлері.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру