Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

06 July 2025

11 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне көңіл айтты

https://elbasy.kz/ 19.11.2019 2803 0 пікір
Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бауырыңыз әрі Біріккен Араб Әмірліктерінің абыройлы саяси қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.

Шейх Сұлтан Біріккен Араб Әмірліктерінің аяқтан тұрып, гүлденуіне ерекше үлес қосқан тұлға ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін.

Осынау сын сағатта, Аса құрметті Президент мырза, Сізге және отбасыңыздың мүшелеріне сабыр тілеп, азалы көңілімді білдіремін» делінген жеделхатта.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру