Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

СҚО ӨКІЛ ИМАМЫ

СҚО ӨКІЛ ИМАМЫ

Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы 

Қостанай облысының тумасы, 1974 жылы  24-шілдеде дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1993-1995 жылдары  Алматы қаласындығы Ислам институты.

1998-2004 жылдары Мысырдағы  Әл-Азһар университетінде араб тілі факультетінде оқыған.

2004-2009 жылдары Мысырда Әл-Азһар университетінің «Ислам шариғаты және заң» (Ханафи мәзһабы бойынша) факультетін тәмамдады.

Еңбек жолы:

1995-1998 жылдар аралығында Арқалақ қалалық мешітінде наиб имам;

2010-2011 жылдары Петропавл қаласы «Қызылжар» облыстық орталық мешітінде наиб имам;

11.2011-08.2012 ҚР Дін істері жөніндегі Агенттіктің «Мәдениет пен дін халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің талдау жұмысы бөлімінің ғылыми қызметкері;

08.2012-01.2013 ҚР Дін істері жөніндегі Агенттіктің «Мәдениет пен дін халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің талдау жұмысы бөлімінің аға ғылыми қызметкері;

02.2013  ҚР Дін істері жөніндегі Агенттіктің «Мәдениет пен дін халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің талдау жұмысы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері;

04.2013 жылы ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы.

Отбасылы, екі баласы бар.