Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

МАҢҒЫСТАУ АЙМАҒЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

МАҢҒЫСТАУ АЙМАҒЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Ануар Ізімбайұлы Елжанов 

03.01.1979 жылы Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауылында дүниеге келген. 

Білімі:

2000-2004 жылдары Шымкент қаласы «Өтес батыр» атындағы медресенің «Исламтанушы, имам хатиб» мамандығын алып шықты.

2007-2011 жылдары Алматы қаласы «Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті» университетін бітірген.

2010 жылы Мысыр Араб республикасы Александрия қаласы «Әбу Бәкір сыддық» атындағы араб тілін дамыту орталығында екі ай білім алған.

2012-2014 Алматы қаласы «Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті» университеті магистр дәрежесін алып шықты.

2013 жылы Мысыр Араб республикасы Каир қаласы «Ніл» араб тілін дамыту орталығында 6-ай білімін жетілдірген.

2013 жылы Малайзия мемлекеті Куала Террингано қаласы «Сұлтан Зәйнал Әбидин» атындағы ислам университетінде бір ай білім алып шыққан.

Еңбек жолы:

2004-2006 жылдары Түркістан облысы Шардара ауданы Қазақстан ауылы «Сары-Амангелді» мешітінің бас молдасы қызметін атқарған.

2006-2014 жылдары Алматы қаласы «Заря востока» мешітінің бас имамының міндетін атқарушы болып қызмет етті.

2014-2015 Алматы қаласы Медеу ауданы «Арафат» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

2015-2017 ҚМДБ Халал Даму ЖШС Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі.

2017-2019 ҚМДБ Халал Даму ЖШС директор орынбасары.

2019 ҚМДБ Халал Даму ЖШС директоры.

2019 жылы 18 қазан айынын бастап ҚМДБ Республикалық ислами діни бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша және Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Бас имамы және Ақтау қайырымдылық жеке мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Отбасылы.