Алтынбек Ұтысханұлы
18.09.1980 жылы дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қына елді мекенінде орта мектепті бітірген.
1993-1996 жылдар аралығында Ақмола облысы, Сілеті ауданындағы мешіттің жанынан ашылған медреседе діни сауат ашу курсында дәріс алған.
2001-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2005-2009 жылдар аралығында Мысыр мемлекетіндегі «Араб тілі орталығында» және «Мағһад али лиддирасатил исламииә» деп аталатын оқу орнында магистрлік бойынша дәріс алған.
2013 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрлік дессертация қорғаған.
Еңбек жолы:
1996-2001 жылдар аралығында Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Искра елді мекеніндегі мешітте имамдық қызмет атқарған.
2003-2004 ж.ж. Алматы қаласындағы Халифа Алтай діни орталығында ұстаз.
2009-2011 ж.ж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімінің маманы болып жұмыс істеген.
2011-2012 жылдар аралығында Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2013-2016 ж.ж. Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2016-2019 ж.ж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, РАНТ және ЖАНТ, әйел-қыздар секторы, жастар секторы, хикмет телестудиясының меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Жеке шығармашылы:
5 діни кітаптың авторы:
1. «Имам әліппесі»,
2. «Қажылық және ұмра»,
3. «Күнделікті діни сауалдарға жауап»,
4. «Жастар шамшырағы»,
5. «Ислам жарастыра ма? Таластыра ма?».
Екі діни кітапшаның авторы: «Әрбір мұсылман білуге тиісті 100 сұрақ-жауап», «Мұхаммед Алланың елшісі»;
Діни тақырыптағы мақалалары Республикалық газет журналдарда жарық көрген.
Отбасылы, үш баланың әкесі.