Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.11.2023 1473 0 пікір
БАС МҮФТИ МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында аймақ жастарымен жүздесті. Кездесу Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде өтті.

Бас мүфтиді қарсы алған «Yessenov university» президент-ректоры Берік Ахметов оқу ордасының тынысы жайлы баяндап өтті. Кейін Бас мүфтиден қоғамдағы діни ахуал турасында, жастарды жат ағымнан сақтандыру жолындағы жұмыстары жайлы айтуын сұрады.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың бес бағыт жұмыстарын толық жеткізіп, қоғамды ізгілендіруде жастардың жөні бөлек екеніне тоқталды. Сонымен қатар жат ағымнан сақтану, салт-дәстүрге құрметпен қарау, ата-анаға жақсылық жасау жайлы баяндады.

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша бір адам да орнынан тапжылмайды» деген. Басқа бір хадисте: «Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсенің қадірін біліңдер: өлмей тұрып өмірдің қадірін, бір нәрсемен шұғылданбастан бұрын бос уақыттың, ауырмай тұрып денсаулықтың, қартаймай тұрып жастық шақтың, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біліңдер» деген. Ертең өкінбес үшін, өмірдің келесі бір кезеңіне азық жинау үшін жастық шағымызды берекелі өткізейік. Білім алуға асығайық. Білімді ықыласпен, шынайын ниетпен алсақ, оның берері мол болмақ» деді ҚМДБ Төрағасы.

Кездесу барысында жастар көкейдегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру