Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы жиналыс өткізіп, мүфтият ұжымын ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтады.
«Сіздерді егемен еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға бірлік пен береке, бақыт пен табыс тілеймін! Республика күні – рухымызды көтеріп, егемен елдің еңсесін тіктейтін сәт. Бұл ретте өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Өйткені егемендік – ел үшін жанын берген бабаларымыздың ащы терімен келген ұлы күн. Оны бүгінгі ұрпақ ұмытпауға тиіс. Егемен еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Алла Тағала діни саладағы жұмысымызға сәттілік пен береке нәсіп еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру