Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.10.2023 3085 0 пікір
БАС МҮФТИ НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Несіпбек Айтұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты.

«Несіпбек ағамыздың қазасы туралы қаралы хабар менің де жаныма батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, бүкіл қазақ еліне көңіл айтамын. Көзі тірісінде Несіпбек ағамыз қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосты. Өлеңмен өрнектелген өткір ойлары оқырманының жүрегіне жол тапты. Алла Тағала марқұмды алдынан жарылқап, мейіріміне бөлегей. Жаны жәннатта болғай. Жаратушы Иеміз ағамыздың дүниеде жасаған ізгі амалдарына мол сауаптан жазғай. Әмин» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жедел хатында.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру