Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына

Күн
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Қазір

04 مارس 2024

23 Шағбан 1445 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

БАС МҮФТИ «НАУАН ХАЗІРЕТ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.10.2023 1209 0 пікір
БАС МҮФТИ «НАУАН ХАЗІРЕТ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облыстық орталық «Науан Хазірет» мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты.

«Туған-туыстың хақысы» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти ағайын-туыспен араласу, тек қуаныш пен қайғыда ғана емес, күнделікті өмірде де байланысты үзбеудің маңызына тоқталды. 

«Туыстық қарым-қатынасты сақтаудың мұсылман адам үшін мән-мағынасы өте үлкен. Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады», – демекші, туған-туыспен жақсы қарым-қатынас жасаудың бір әулеттің ғана емес, жалпы қоғамдық бірліктің берік болуына ықпалы зор. Қазақ халқының: «Туысы бірдің – уысы бір», «Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп», «Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді» – деуі де жайдан жай айтылмаса керек. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Нахыл» сүресі, 90-аятында: «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ арсыздықтан, жамандықтан тыяды», – деп айтқан. Туыстар – бір түбірден өскен ағаштың бұталары тәрізді. Осы себепті де олардың арасында береке мен бірліктің болуы, өзара татулық пен мейірімділіктің аясында қарым-қатынас жасауы аса маңызды іс» деді ҚМДБ Төрағасы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти Көкшетау жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру