Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына

Күн
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Қазір

04 مارس 2024

23 Шағбан 1445 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

БАС МҮФТИ МАРҚҰМ АБДОЛЛА ЖОЛДАСТЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.10.2023 1779 0 пікір
БАС МҮФТИ МАРҚҰМ АБДОЛЛА ЖОЛДАСТЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ұлағатты ұстаз, белгілі дін ғалымы, абыз ақсақал Абдолла қажы Жолдастың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты.

«Абдолла қажы Жолдастың қазасы туралы қаралы хабар менің де жаныма қатты батты. Талай дін қызметкері оның тәрбиесі мен тәлімін алған еді. Мен де ұстаздан тәлім алдым. Дін мен дәстүрді сабақтастыра сөйлеген сөздері мен насихаттары талай жанның жүрегіне ізгілік дәнін сепкен еді. Марқұм ұстазымның отбасы мен туған-туыстарына өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан көңіл айтамын. Алла Тағала Абдолла қажы Жолдас ұстазымызды рақымына алып, жанын жәннаттық еткей. Дін жолындағы еңбектері мен ұстаздық қызметіне Алла мол сауаптан жазғай. Әмин!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру