Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына

Күн
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Қазір

04 مارس 2024

23 Шағбан 1445 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ АҚТӨБЕЛІК ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.10.2023 1621 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ АҚТӨБЕЛІК ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапары барысында ғасырдан астам тарихы бар Ақтөбе қалалық орталық мешітін зиярат етіп, жамағатпен жүздесті.

ҚМДБ Төрағасы мешіт жамағатына мүфтият тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ биылғы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам жылы» деп жариялағанын, атаулы жыл аясында тың бастамалар жүзеге асқанын көпшілікке жеткізді. Сонымен қатар Діни басқарманың бес жұмыс бағыты аясында атқарылып жатқан жұмыстарды да таныстырды.

Бас мүфти сондай-ақ жамағатқа бірліктің маңызы, ауызбіршіліктің діндегі рөлі жайында ғибратты уағыз-насихат айтты. Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатпен бірге құптан намазын оқып, елдің игілігі үшін бата жасап, дұға етті. 

Айта кетейік, Ақтөбе қалалық орталық мешіті еліміздегі ең көне мешіттің бірі саналады. Мәдени-тарихи ескерткіштер қатарына жататын көне ғимарат 1903 жылы пайдалануға берілген. Кеңес үкіметінің салқын саясаты кезінде, нақты айтқанда 1929 жылы мешіт жабылған. 1934 жылы баспаханаға, кейін қоймаға айналған. Еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылы ғимаратқа Ақтөбе қалалық орталық мешіті дәрежесі қайтарылды. 2014 жылы мешіт қайта жаңғыртылып, қосымша нысандар салынып, ел игілігіне берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру