Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІЛЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.09.2023 2216 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІЛЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Астанада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бөлімдерге қарасты сектор меңгерушілерін таныстырды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан жаңадан ашылып жатқан бөлімдерін жетілдіру мақсатында «Қоғаммен байланыс» бөлімін сектор дәрежесіне түсіріп, жоспарлы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру қажеттілігі туындады. Бұл жауапты қызметке ҚМДБ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Нұрсұлтан Ақжолды тағайындадым. Бұл азамат ҚМДБ қоғаммен байланыс бөлімі ашылған күннен бастап осы бағытта аянбай қызмет етті. Осы бағытты ары қарай алып кетуге мүмкіндігі жетеді деген сенімдеміз» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен Жастар секторының меңгерушісі қызметіне жас маман Бағыжан Күзекбай, Халықаралық байланыс және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне Азамат Иманханов тағайындалды. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру