Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКИЯНЫҢ «ХАСЕКИ» ИНСТИТУТЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.05.2023 2871 0 пікір
ТҮРКИЯНЫҢ «ХАСЕКИ» ИНСТИТУТЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істер басқармасы арасындағы келісімге орай елордада 2023-2024 оқу жылына «Хасеки» институтына қабылдау емтиханы басталды.

Алдымен мәжіліс залында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы талапкерлерге Түркия елінен емтихан қабылдау үшін арнайы келген Дін істері басқармасы Төрағасының орынбасары Кадир Динч, Диянет академиясы президенті Енвер Осман Каан, Діни басқарманың шет елдерде діни білім беру департаменті басшысы, Дурсун Али Жошкунды және Түркияның Астана қаласындағы елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодурды таныстырып, емтиханның сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.

Биыл елімізден Түркияның «Хасеки» институтына ҚМДБ-ға қарасты оқу орындарын бітірген 65 үміткер құжат тапсырды. Қабылдау емтиханы 2 күнге созылатынын айта кеткен жөн.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру