Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.05.2023 1726 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінде өтіп жатқан «Қазақстандағы қолжазба қорлары: сақтау және зерттеу» халықаралық семинарына қатысты.

Семинарда арнайы баяндама жасаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біз Астана қаласындағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен бірлесіп, діни ағарту саласында ортақ жобаларымызды жүзеге асырып келеміз. Мүфтият басылымдарында бірқатар ауқымды ғылыми мақалалар жарық көрді. «Әзірет Сұлтан» мешітінде қолжазбалар көрмесін өткіздік. Алматы Орталық мешітінде алғаш рет «Көне түркі жазуы – бабалар қазынасы» тақырыбында мешіт ұстаздарына арналған ауқымды семинар ұйымдастырылды. Мүфтияттың төл сайтынан электронды кітапхана ашып, классикалық еңбектердің түпнұсқасын жарияладық. Бұл бастамамызға жамағат пен жас ғалымдар үлкен қызығушылық танытуда. Осы ретте барша ғалымдар мен мамандарды ортақ жобаларымызға үлес қосуға шақырамын» деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру